«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҮРЕКТЕН ШЫҚҚАН ЖЫЛЫ СӨЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шаңырақтың шуағы
Көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнінің қай кезде де орны бөлек. Өйткені, аналарға деген алғыс пен құрмет ешқашан ортаймақ емес. Сіздер – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегісіздер. Өміріміз тек нәзік жандармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі ана деп соғады.

Ардақты аналарымыз бен қымбатты апа-қарындастарымыздың осы бір тамаша мейрамы көктеммен бірге келеді. Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай спорт саласының мәртебесін асқақтатып жүрген барлық нәзік жандарға да алғысымды айтамын.
Барлық қазақстандық қыз-келіншектерді шуақты мерекемен құттықтаймын. Отбасыларыңызға бақыт тілеп, абыройларыңыз биіктей берсін дегім келеді.


Жанат ЖАҚИЯНОВ, бокстан облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, әлемнің экс-чемпионы.

Алтын діңгек
Сұлулық пен нәзіктікті, қажырлылық пен қайсарлықты бiр бойына жинаған арулардың мейрамы күлiмдеген көктеммен қатар келедi. Оның себебі, ана – өмiрдiң алтын дiңгегi, бар адамзатқа өмiр сыйлаушы асыл жан. Ал көктемде табиғат ана қайта құлпырып, айналасына шуақ шашады.
Көктем келісімен қалың қар еріп, табиғатымыз қайта оянады. Ағаштар бүршік жарып, гүлдейді. Көктем әрбір адамды ерекше күйге бөлейтін шақ. Халықаралық әйелдер күні көктемнің ажарын ашатын шуақты мерекелердің бірі.
Құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, аяулы арулар, Сіздерді Қызылжар орман шаруашылығы ұжымының атынан мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Ер азаматтар қауымына жылылық пен қуаныш сыйлап, әрдайым қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысымыз шексіз!

Рүстем ЖАНАХМЕТОВ, Қызылжар орман шаруашылығының инженері.

Өмірдің гүлі
Жыл мезгілдерінің барлығы өзінше көрікті. Әлбетте, солардың ішінде көктемнің орны ерекше ғой. Себебі, бұл мезгілде табиғатымыз өзіне тән айрықша кейіпке енеді. Сонымен қатар көктемде Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мерекесі тойланады.
Әрбір қыз – әпке, қарындас, сіңлі және болашақ ана. Аналарымыз бен аруларымызды өмірдің гүлі және нұры деп айтсам, асыра сілтемеген болармын. Өйткені, олар – ер адамдардың ақылшысы мен қолқанаты, жүрегі және тірегі. Еразаматтардың да нәзік жандарға деген құрметі және ілтипаты зор.
Халқымыздың көрнекті жазушысы, көркем сөздің хас шебері Ғабит Мүсірепов “Ананың сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді” деп айтқан екен. Сіздер – өмірді нұрландырып, шаңыраққа жылылық, шаттық нұрын сыйлайтын асыл және ардақты жандарсыздар. Көктемнің бұл керемет мерекесі әрбір шаңыраққа құт-береке әкелсін!


Бекежан ЖОЛАНОВ, жеке кәсіпкер.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp