«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МӘЛІМЕТТЕРДІ ТАПСЫРУ ТӘРТІБІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына мәліметтерді ұсынудың үстіміздегі жылғы есеп кезеңі туралы хабарлайды.

Биылғы 31 наурыздың жексенбіге сәйкес келуіне байланысты ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді ұсыну мерзімі 1 сәуірде аяқталады (Азаматтық кодекстің 175-бабына сәйкес егер мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге тура келсе, содан кейінгі ең таяу жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып саналады).
Осыған байланысты жеке мекеме, қоғамдық бірлестік (саяси партиялар, діни бірлестіктер мен кәсіптік одақтар түрінде құрылған қоғамдық бірлестіктерді қоспағанда), коммерциялық емес акционерлік қоғам (құрылтайшысы немесе акционері мемлекет болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдарды есепке алмағанда), қоғамдық, корпоративтік және жеке қорлар, қауымдастық (одақ) түріндегі заңды тұлғалар бірлестігі нысанындағы үкіметтік емес ұйымдарға, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктеріне “infonpo.kz” веб-порталында электронды есептілік нысанын уақтылы толтыруы тиіс.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҮЕҰ-ның дерекқорында тіркелу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ, ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.
ҮЕҰ-ның қызметі туралы мәліметтерді электронды түрде “infonpo.kz” веб-порталы арқылы ұсыну үшін халыққа қызмет көрсету орталығының жақын жердегі бөлімшесінен электронды цифрлық қолтаңба алу қажет.
Интернет арқылы тапсыруға мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін мәліметтерді пошта арқылы немесе қолма-қол қағаз және электронды тасығыштарда (DOC, DOCX форматында CD-дискілерде немесе USB-флэш-жинақтағыштарда) тапсыру мүмкіндігі бар.
ҮЕҰ-ның қызметі туралы мәліметтерді ілеспе хатпен бірге пошта арқылы немесе қолма-қол мына мекенжайға жіберу қажет: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.
ҮЕҰ-ның дерекқорына мәліметтерді уақтылы ұсынбағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.

Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp