«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОТАНДАСТАРҒА КӨМЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Отандастар” қоры мен облыс әкімдігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Екіжақты келісім құжатына қол қою шарасына өңір басшысының орынбасары Мадияр Қожахмет пен “Отандастар” қорының аймақтармен және мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі департаментінің басқарушы директоры Әлия Әбелдинова қатысты.

Тараптар шетелде тұратын қандастар мен атамекенге қоныс аударған этникалық қазақтарды қолдау бағытында бірлесіп жұмыс атқаруға келісті. Сонымен қатар шетелдегі қазақ жастарын өңірдегі жазғы лагерьлерге шақыру, тіл үйрету, тарих, мәдениет пен ұлттық дәстүрлерді насихаттау курстарын өткізу, киелі орындарға экспедициялар ұйымдастыру сияқты шаралар жүзеге асырылмақшы.
– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен осыдан екі жыл бұрын құрылған “Отандастар” қоры тарихи Отанына оралған азаматтарға ақпараттық тұрғыда көмек беріп, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Қор бірнеше бағытта жұмыс істейді. Қазірдің өзінде білім, мәдениет, бизнес салалары бойынша сегіз жобалық кеңсеміз бар. Шетелдегі қандастарымыздың көбі Қазақстанмен шекаралас аумақтарда тұратынын ескеріп, қазақ диаспорасын қолдау мақсатында еліміздің он төрт облысындағы әкімдіктермен тығыз ынтымақтастық орнатып отырмыз, – деді Әлия Әбелдинова. Бұл қор жұмысының жандануына, тұрғындардың әл-ауқатының артуына сеп болмақ.
Мадияр Дүйсенбайұлы өз сөзінде облыстық әкімдіктің мамандары “Отандастар” қорымен бірлесіп жұмыс істеуге әзір екенін және ұсынған барлық жобаларды қолдайтынын жеткізді.


Нұргүл ОҚАШЕВА, “Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp