«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЕНАТОРЛАР — ҚЫЗЫЛЖАР ӨҢІРІНДЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Nur Otan” партиясының кезекті съезіндегі тапсырмалары мен партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасындағы негізгі мақсат-міндеттерді тұрғындарға жеткізу мақсатында Сенат депутаттары Ерік Сұлтанов пен Ольга Перепечина жұмыс бабындағы сапармен Қызылжар өңіріне келді.

Тайынша ауданындағы Келлеровка және Аққайың ауданындағы Аралағаш ауылдарының тұрғындарымен кездесу барысында астаналық меймандар Елбасының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі Парламенттің заң шығару жұмыстары туралы жан-жақты баяндады.
Ауыл тұрғындары көпбалалы және əлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау, сондай-ақ, табысы төмен тұрғындардың жалақысын арттыру мəселелеріне қатысты сауалдар қойды.
Кездесуге қатысушылар өз аймақтарындағы өзекті мəселелерді көтеріп, əлеуметтік қолдаудың жаңа тетіктеріне назар аударды. Ауыл тұрғындары санының артуына байланысты жаңа үйлер салу, жұмыс орындарын ашу жəне өмір сүруге қолайлы жағдай жасау мəселелері айтылды.
– Мен Түркістан облысынан Аралағаш ауылына өткен жылдың тамыз айында көшіп келдім. Жергілікті билік өкілдері мен тұрғындар бізді жақсы қарсы алды. Мемлекет тарапынан көрсетілуі тиіс қамқорлықты сезініп жатырмыз. Мен кәмелеттік жасқа толмаған бес баланың анасымын. Біз отбасымызбен қол қусырып қарап отырмаймыз. Қорамызда жылқы, сиыр мен қой бар. Бүгін ауылымызға келген Парламент депутаттарымен кездесу барысында алдағы уақытта көпбалалы ана ретінде маған көрсетілетін қолдауды естідім, соған қуанып отырмын, – дейді Аралағаш ауылының тұрғыны Шынаркүл Батырханова.
Жүздесуде көпбалалы отбасыларды əлеуметтік қорғау жəне халықтың əлжуаз топтарына көрсетілетін мемлекеттік көмек мəселелері жан-жақты талқыланды. Жергілікті тұрғындар Мемлекет басшысы “Nur Otan” партиясының XVIII cъезінде алға қойған негізгі міндеттердің толықтай іске асуын күтетіндерін айта келіп, қазіргі Үкімет ауқымды міндеттерді сапалы атқаруға бар күшін салаты нына сенім білдірді.
– “Nur Otan” партиясының мерейтойлық XVIII съезінде осы саяси ұйымның 2030 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілді. Мемлекет басшысы, “Nur Otan” партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев саяси ұйымның алдында тұрған он міндетті белгіледі. Алдағы он жылда дамудың басты бағыты әлеуметтік жаңғыруға бағытталады. Елбасы жария еткен басты идея – партияның бағдарламасы əлеуметтік мəселелерді шешуге бағытталған. Бұл халықтың əл-ауқатын жақсартуды, тұрғындардың табысы мен тұрмыс сапасын арттыруды көздейді. Атқарушы органдардың назарынан тыс қалған əлеуметтік саладағы негізгі мəселелер атап өтілді, – деді Парламент Сенатының депутаты Ерік Сұлтанов.
Аққайың ауданындағы Рублевка орта мектебінде өткен кездесуге қатысқан ұстаздар депутаттарға қазіргі кезде талқыға салынып жатқан “Педагог мəртебесі туралы” заң жобасы туралы сауалдар қойып, мұғалімдер еңбекақысының ерекшеліктері мен зейнет демалысына шығудағы жаңалықтарға назар аударды. Ал мектеп бітіретін жоғары сынып оқушыларын биылғы “Жастар жылына” байланысты жүзеге асатын шаралар қызықтырды. Бұл ауыл серпінді дамып келе жатқан елді мекендердің бірі болып саналады. Өткен жылдың соңында мұнда тауарлы-сүт фермасы іске қосылған болатын. Қазір онда қырықтан астам ауыл тұрғыны еңбек етуде.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес ауылдық жерлерде тұратын адамдардың жағдайын жақсартып, əл-ауқатын көтеруге жұдырықтай жұмыла кірісуіміз қажет. Əсіресе, əлеуметтік саланы дамыту, мектептердің жанынан интернаттар салу бүгінгі күннің талабы болып отыр, – деді сенатор Ольга Перепечина.
Парламент Cенатының депутаттары Ерік Сұлтанов пен Ольга Перепечина облысымызға жұмыс бабындағы сапары барысында Петропавл қаласында, Қызылжар, Есіл, Мамлют және Жамбыл аудандарында болып, тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен кездесті.


Әйгерім МҰҚАШЕВА, журналист.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp