«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОРЖЫНДА — ЖЕТІ ЖҮЛДЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Болгарияда күрес түрлерінен халықаралық “Дан Колов – Никола Петров” турнирі аяқталды. Бәсі биік додада қазақстандық балуандар 7 медаль иеленді.

Грек-рим күресінен 61 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрислам Санаев финалда үнділік Сандип Томарды 10:0 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды. 55 килограмм салмақта белдескен Қорлан Жақанша күміс медаль иеленді. Ол ақтық белдесуде ресейлік Виталий Кабалоевке есе жіберді. Солтүстікқазақстандық Аманғали Бекболат осы салмақта үшінші орынға табан тіреді. Тағы екі отандасымыз Тамерлан Шадукаев 77, ал Хусейн Муцольгов 87 килограмда үздік үштікті түйіндеді.
Әйелдер күресінен 55 килограмм салмақта белдескен Марина Седнева турнирдің күміс, ал Жұлдыз Ешімова қола медалін иеленді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp