«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮШІНШІ РЕТ ЖЕҢІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы Спорт сарайында волейболдан әйелдер командалары арасында ел біріншілігінің бесінші тур ойындары өтуде.
Бәсекенің үшінші күні жергілікті “Қуаныш” командасы “Алматымен” кездесті.

Жерлестеріміз алғашқы екі ойындағыдай кездесуді сәтті бастап, қарсыластарын әуелі бес, кейін сегіз ұпай айырмашылығымен артта қалдырды. Дегенмен, петропавлдық қыздардың бұл қарқыны үшінші кезеңде су сепкендей басылды. Өткен төрт турдың үшеуінде жерлестерімізді жеңген алматылық ұжым бұл жолы да басымдық танытты. Кездесу соңына дейін белсенді ойнаған алматылықтар жеңіске жетті. Есеп – 2:3.
Бір атап өтерлігі, бесінші тур аясында бұған дейінгі екі кездесу де дәл осындай есеппен аяқталған болатын. Қарсылас командалар мықты ма, әлде жерлестерімізге бес кезең бойы белсенді ойнауға физикалық дайындықтары жетіспей ме, о жағы белгісіз.
Жерлестеріміз келесі ойында “Астана” командасымен тартысқа түседі. Бесінші тур ойындары 10 наурызға дейін созылады.


Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ, “Soltústik Qazaqstan”

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp