«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛҒАШҚЫ АВТОМЕКТЕП

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы автомектеп ашылды. Петропавлдағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында тірек-қимыл жүйесі бұзылған жандарды оқытуға арнайы жарақтандырылған алғашқы көлік тіркеуден өтті.

Еліміз бойынша бірінші болып өз жұмыс бастаған автомектепті петропавлдық жас кәсіпкер Сәлімхан Сәбитов ашты. Жастайынан мүгедектікке душар болған ол стартап-жоба аясында автоматты және механикалық беріліс қорабымен екі «ЛадаGranta» автокөлігін сатып алып, Ресейдің Челябі қаласында мүгедек адамдарға ыңғайланып өзгертілді.

– Еліміздегі қанатқақты тың идея жан-жақты зерттеліп, сараланып, “Равная дорога” деп аталатын жоба қолданысқа енгізілмек. Біз мүгедек адамдардың өмірге толыққанды араласулары үшін барлық жағдай жасауға ұмтыламыз. Бұл идея мен мектепте оқып жүрген кезде пайда болды. Бүгін автокөлікке техникалық құжатты алып, мектепті ресми түрде аштық. Қазірдің өзінде 13 адам медициналық тексерістен өтіп, автомектепте оқуға рұқсат алмақшы, – дейді Сәлімхан Сәбитов.

 

Ақпарат “Егемен Қазақстан” газетінен алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp