«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық мектебінің Петропавлдағы филиалында 40 курсант әскери ант қабылдады.

Қырық күн бойы әскери даярлықтан өткен азаматтардың жасы – 24-27 аралығында. Әскери-техникалық мектептің бөлімше командирі Айбек Нұрғалиев Қостанай облысының Арқалық қаласынан келген.

– Әскери-техникалық мектепте білімімді жетілдіргенімен қуаныштымын. Бұл оқу бір жылдық әскерден кем емес. Щучье қаласында орналасқан Кадет корпусына қарасты “Амандық” оқу орталығында қару-жарақтың түр-түрімен танысып, нысанаға көздеп атуды жетік меңгердік. Болашағымды әскери қызметпен байланыстыруды жоспарлап отырмын, – дейді Айбек Нұрғалиев.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp