«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚУАНЫШ ҚҰШАҒЫНДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында солтүстікқазақстандық полицейлер нәзік жанды әріптестерін құттықтады. Салтанатты жиын Жастар сарайында өтті.

Нәзік жандарды құттықтаған облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов бүгінде облысымыздағы полиция органында 494 әйелдің қызмет атқарып жүргенін айтып өтті. Олардың барлығы шендері мен лауазымдарына қарамастан, ерлермен қатар тәулік бойы қылмысқа қарсы күреседі, қоғамдық тәртіп пен өңірдегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Бұл күні арнайы атақпен, Құрмет грамотасымен, Алғыс хатпен және медальмен алпысқа тарта нәзік жан марапатталды. Олардың арасында қызмет пен бала тәрбиесін қатар алып келе жатқан офицер-аналар да бар. Тайынша ауданынан келген полиция майоры Балғын Сыздықова, Қызылжар ауданында қызмет істейтін полиция майоры Әсемгүл Қасенова және Петропавл қаласынан полиция капитаны Әдемау Меңдібаева 4-5 бала тәрбиелеп отыр. Сондай-ақ, бұл күні өз өмірін тыныштық күзетіне арнаған тәртіп сақшыларының артында қалған нәзік жандарға да құрмет көрсетілді.
Салтанатты шара “Килиманджаро” шоу-тобының, Астана қаласындағы сатира және әзіл-сықақ театрының актері Ерболат Төлегеновтің қатысуымен болған концертпен аяқталды.


Юрий КЛЫКОВ,  облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp