«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 11.03.2019

ТЖД ЕСКЕРТЕДІ

«Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша, наурыздың 12-13 күндері Солтүстік Қазақстан облысының  кей жерлерінде  бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады. 

АНАЛАР ШЫҚТЫ САЙЫСҚА

Қызылжар ауданында саламаты өмір салтын ұстанған аналар арасында үстел ойындарынан спартакиада өтті. Спорттық шараға он тоғыз ауылдық округтен 100-ге жуық ана қатысты. Олар үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақтан өзара бақ сынасты. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмағали Қожахметов көктемнің шуақты мерекесінде осындай игі шараны өткізу дәстүрге айналғанын айтты. Бүгінде Қызылжар ауданында сегіз мыңнан астам ардагер бар. Ал …

АНАЛАР ШЫҚТЫ САЙЫСҚА Read More »

ӘКІМДЕР ДЕ ОҚИДЫ

Бүгін Петропавлда қаланың және 13 ауданның әкімдеріне арналған біліктілік көтеру семинары өтіп жатыр.

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТЕДІ

19 наурызда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры барлық филиалдарында ашық есік күнін өткізеді. Шара барысында мамандар тұрғындарға қор жұмысы жайлы ақпарат беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізбек. Сондай-ақ, зейнетақы жүйесіне қатысты сауалдарға жауап беріледі. Зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістерге орай түсіндіру шаралары да қамтылады. Қор мамандарының айтуынша, зейнетақы жүйесін жаңғыртудағы басты мақсат зейнетақы төлемдерінің тиімділігін арттыру болып отыр. Жеке …

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТЕДІ Read More »

ТӘРБИЕ КІЛТІ – САЛТ-ДӘСТҮР

Ұлтымыз қашан да асыл қазынасы – салт-дәстүрі арқылы өз ұрпағын адамгершілікке, инабаттылыққа, ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеуді мақсат тұтқан. Бұған Уәлиханов ауданының Көбенсай ауылдық мектебінің ұжымы да ерекше мән береді. Жуырда аталмыш білім ордасында өскелең ұрпақ арасында салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды насихаттау мақсатында тәрбие сағаты өтті. Онда әр оқушының ата-анасы бесікке салу, тұсау кесу, сүндет той, сырға салу …

ТӘРБИЕ КІЛТІ – САЛТ-ДӘСТҮР Read More »

ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАҒАН

Бір апта бойы облыс аумағында жүргізілген «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды. Оның мақсаты – қоғамдық орындарда қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту және оларды болдырмау, көшелерде құқықтық тәртіпті қадағалау болатын. Іс-шара барысында облыстық және қалалық жолдарда бақылау күшейтілді. Петропавлдан шығаберісте полиция қызметкерлері «Volkswagen» шағын автобусын тоқтатты. Оның 58 жастағы жүргізуші Мамлют ауданы мен облыс орталығының арасында …

ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАҒАН Read More »

БАДМИНТОНШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Көкшетау қаласында бадминтоннан республикалық турнир өтті. Оған 60-тан астам спортшы қатысты. Бұл сайыста сегіз жерлесіміз өңір намысын қорғаған болатын. Жарыстың жекелей сынында қарсыластарын айқын басымдықпен жеңген петропавлдық “Жеңіс” балалар мен жасөспірімдер спорт клубының тәрбиеленушісі Евгений Цыбенко турнир жеңімпазы атанды. Сонымен қатар Евгений Цыбенко мен Роман Авдеев, Михаил Лупачев пен Руслан Заикиннің жұптары қола медальға ие …

БАДМИНТОНШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ Read More »

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАПЕРДЕ БОЛСЫН

“Қызылжар орман шаруашылығы” КММ-нің қызметкерлері тұрғындар, шаруа қожалықтары және мектеп ұжымдарымен кездесіп, өрт қауіпсіздігі тақырыбында дәріс өткізіп жатыр. Орман шаруашылығы мамандарының айтуынша, оқушыларға сақтық шараларын әрдайым есте сақтау және орындау тақырыбында бейнемультфильм көрсетілді. Барлық қатысушыларға ақпараттық материалдар таратылды. – Осындай шаралар өрт қаупі мол маусым жақындағанда жыл сайын ұйымдастырылады. Оған бір мыңнан астам адам қатысуда. …

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАПЕРДЕ БОЛСЫН Read More »