Мәдина Әбілқасымова Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.
Мәдина Ерасылқызы Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша, Колумбия университетін халықаралық қатынастар магистрі дәрежесімен «экономикалық саясатты басқару» мамандығы бойынша бітірген. Гарвард университетінің Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебінде «мемлекеттік басқару магистрі» мамандығы бойынша білім алған.
40 жастағы Мәдина Әбілқасымоа жаңа тағайындауға дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарған болатын.
https://www.inform.kz/kz/madina-abilkasymova-zhana-kyzmetke-tagayyndaldy_a3506381