«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛДЫ ҚОЛДАУДЫҢ АЙШЫҚТЫ ҮЛГІСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тәуелсіздігінің белесті кезеңдеріндегі әр бастамасы еліміздің дамуына, шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесінің артуына, жұмыссыздықтың азаюына және жұртшылықтың жұмыспен қамтылуына бағытталды. Президенттің бес әлеуметтік бастамасы да бүгінде берекелі істердің бастауына айналып отыр.

Әсіресе, еңбекқор жандарға қаржылай қолдау көрсетуді көздеген “Шағын несие беруді көбейту” бастамасы бизнеспен айналысып, өз ісін ашып, дамытқысы келетін іскер әрі бастамашыл қазақстан­дық­тарға, әсіресе, ауылдағы кәсіпкерлікті өркендетуге жағдай жасауда. Осынау әлеуметтік жоба, әсіресе, ауыл тұрғындарының үлесі басым солтүстік өңірлер үшін зор маңызға ие болып отыр.
Бес бастаманың шағын несие беруді көбейтуге қатысты бағы ты – өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамытудың ең тиімді тетігіне айналды. Елбасы бұл бастаманың негізінен ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту үшін айрықша маңызды екенін атап өткен болатын. Іскер азаматтардың қолжетімді несие алып, өз кәсібін дамытуларына жағдай жасау, ауыл тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту мақсатында құрылған “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” акционерлік қоғамы бүгінде мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыра отыра ауыл халқына тікелей қолдау көрсететін әлеуетті ұйым­дардың біріне айналды. Мұның жар­қын мысалын қордың соңғы жылдары атқарған жұмыстарынан-ақ көруге болады. 2005 жылдан бастап қор ел бойынша жалпы сомасы 299,2 миллиард теңгеге 150 мыңнан астам несие берді. Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары 13,2 миллиард теңгеге 5 мыңға жуық несие рәсімдеді.
“Ауыл шаруашылығын қаржы­лай қолдау қоры” АҚ-ның қолдауының арқасында өз тіршілігін түзетіп жатқан азаматтар елімізде мыңдап саналады. Белсенді несие алушылар саны 45 мыңнан асты. Соңғы үш жылдың ішінде қор көмегіне жүгінгендер саны 1,5 есеге артып отыр. Биылдың өзінде ғана несиелеудің барлық бағыттары бойынша 50 миллиард теңгенің 10 мың несиесі берілді. Бүгінде қордың несие қоржыны 120,3 миллиард теңгені құрайды.
Ауыл тұрғындарының сұраныстарын ескере отырып несие өнімдерінің саны мен сапасы жетілдіріле түсуде. 2013-2016 жылдары аралығында “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020”, “Бизнестің жол картасы – 2020” мемлекеттік бағдарламалары аясында да ауыл кәсіпкерлерін несиелендіру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды.
Былтырғы жылдан бері қор нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығын шағын несиелендіру бойынша өкілетті ұйым болып табылады. Бүгінде аталмыш бағдарлама бойынша жоспарланған барлық қаржы ауыл кәсіпкерлеріне шағын несие беруге бағытталып отыр. Қаржыландырылған жобаларды жүзеге асыру аясында 10 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. Олардың 705-і – Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері.
Ауыл тұрғындарын және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің жобаларын жүзеге асыруға бағытталған бірқатар несие өнімдері тиімді шарттарының және қолжетімділігінің арқасында зор сұранысқа ие болып отыр. Мәселен, ұсақ және ірі қара мал, жылқы, түйе және басқа да ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға бағытталған “Игілік”, асылтұқымды мал өсіруге мүмкіндік беретін “Сыбаға”, ауылда кез келген бағытта өз кәсібін ашамын деушілерге арналған “Кәсіпкер”, отбасылық тауарлы-сүт фермаларын ашуға немесе кеңейтуге бағытталған “Ырыс” және басқа да несие түрлері бар. Осылайша, көптеген еңбекқор адамдар ауылда тұрып та жақсы өмір сүруге болатынын айқын көріп отыр.
Бүгінде “Сыбағаның” жаңартылған бағдарламасы бойынша несиелендіру жұмыстары жалғасуда. Бағдарламада берілетін қарыз сомасы 70 миллион теңгеге дейін ұлғайтылып, несие мерзімі 15 жылға дейін ұзартылды. Сыйақының тиімді мөлшерлемесі жылына 4 пайыз болды. Биылғы жылдың өзінде ғана “Сыбаға” бойынша акционерлік қоғамның облыстық филиалы 530,9 миллион теңгенің 15 өтінішін қанағаттандырды. Жалпы жобаларды жүзеге асыру аясында елімізге 1 мыңнан астам асылтұқымды ірі қара әкелу жоспарланған. Мұның бәрі – мемлекеттің кәсікерлерге деген қамқорлығының айқын көрінісі.
Өткен жылдың шілде айында “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры “Бизнес Бастау” жобасын жүзеге асыру аясында өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойды. Аталмыш келісім аясында тиімді несие беру бағытында ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда.
Былтыр ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы ел бойынша 7803 кәсіпкер 28,4 миллиард теңгенің шағын несиесін алды. Олардың 760-ы – солтүстікқазақстандық. Жерлестеріміз 3,4 миллиард теңгенің несиесін ресімдеді. “Бизнес Бастау” жобасы арқылы оқудан өткен 5 мыңға жуық ауыл кәсіпкерінің 361-і – өңіріміздің іскер азаматы. Бұл көрсеткіштер жерлестеріміздің өз ісін дамытудағы белсенділігінің айқын дәлелі болып отыр.
“Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ мемлекеттің қамқорлығын әрбір шаруаға жеткізудің сенімді құралына айналып, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған ілкімді істерді тың серпінмен жалғастыра бермек.


Абылай НҰРКЕНОВ, “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp