«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРТЕ ҚИЫЛҒАН ӨМІР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бірінші курс студенті құрылыс нысанының үстіңгі қабатынан секіріп, қаза тапты. Қайғылы оқиға 8 наурыз күні Петропавл қаласындағы Пушкин және Кәрім Сүтішев көшелерінің қиылысында құрылысы аяқталмаған көпқабатты тұрғын үйде орын алды.

Университеттің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Нұрлан Бәйімбетов журналистерге берген сұхбатында марқұмның өз-өзіне қол жұмсамас бұрын оқиға орнында хат қалдырғанын жеткізді.
– М. – Шымкент қаласының тумасы. Жоғары медицина мектебінде оқыған ол жатақханадан таңғы сағат 9-дар шамасында шығып кеткен. Бөлмеде бірге тұратын қыздар күдікті еш нәрсені байқамапты. Қайғылы жайттың себебі бізге белгісіз. Қазіргі уақытта құзырлы органдар сараптамалар жасап, тергеу амалдарын жүргізуде, – деді Нұрлан Әбішұлы.
Көпбалалы отбасынан шыққан М. жоғары оқу орнында Астана қаласы әкімінің гранты бойынша білім алған.


Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ, “Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp