Қазақстан саяхат үшін тартымды 50 елдің қатарына кіретін болады.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.
Отырыста Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасын таныстырған министрдің айтуынша, құжат 10 стратегиялық шараны қамтып, шетелдік туристердің саны 5 млн, ал ішкі туристердің саны 10 миллионды құрайды. Жоспарланған 2 трлн теңгенің 70 пайызын жеке инвестициялар салады. Елдің ЖІӨ құрылымындағы туризмнің үлесі 16 млрд АҚШ долларына дейін өседі.
«Мемлекеттік бағдарлама бизнес пен инвесторлардың белсенді қатысуы есебінен саланы өзін-өзі ақтайтын рельстерге шығарады. Нәтижесінде Қазақстан саяхат үшін тартымды 50 елдің қатарына кіреді», – деді министр.
https://www.inform.kz/kz/kazakstan-turistik-derzhavalardyn-kataryna-kiruge-umtylmak_a3506278