«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОҢТАЙЛЫ ӘДІС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы 2017 жылдың желтоқсанында үш мемлекеттік қызметті бір ғана смс хабарламаның көмегімен алуға болатын проактив қағидасын енгізген болатын.

Пилоттық жоба іске қосылғалы бері жаңа босанған жүз мыңнан астам анаға смс құттықтау жолданып, проактив тәсілімен баланың туу туралы куәлігін алу ұсынылды. Олардың 63 330-ы мемлекеттік қызметке онлайн арқылы өтініш беріп, сәбилерінің алғашқы құжатына қол жеткізді.

Пилоттық жоба аясында нәрестелі болған әйелдер жәрдемақы алуға өтініш жолдап, балабақша кезегіне тұра алады.

–Бұрын жас босанған аналар құжаттарды рәсімдеу үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына келіп табан тоздырса, бүгінде оның ешқандай қажеті жоқ. Цифрландыру заманында проактив әдісімен онлайн жүйесі арқылы мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуге болады. Бұл әдісті пайдалану үшін аналар мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс, – дейді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов.

Бүгінде проактив әдісі Телеграм қосымшасындағы арнайы бот арқылы да қолжетімді. Мобильді базаға тіркелген азаматшалар ұялы телефонының көмегімен жоғарыда аталған үш қызметке тапсырыс бере алады. 2018 жылдың қыркүйегінде іске қосылған бот қызметіне 5,5 мыңға жуық әйел жүгінген, олардың 4 842-сі балаларының туу куәлігін рәсімдеген.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp