«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПЛЕЙ-ОФТТЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНЕ ӨТТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Астаналық “Барыс” хоккей клубы ҚХЛ плей-офф раундының ширек финалына жолдама алды. Андрей Скабелка баптайтын ұжым 1/8 финалда Нижний Новгород қаласының “Торпедо” клубымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Сериядағы алғашқы алты ойыннан кейін есеп 3:3 болды. Жетінші матч Астанадағы “Барыс Аренада” өтті. Кездесу жылдам голмен басталды. Алғашқы минутта Даррен Диц айдын иелерін алға шығарды. Бірақ алғашқы үзіліске дейін “Торпедо” есепті теңестірді. Екінші кезеңде де командалар бір шайбадан салып шықты. Мэттью Фрэтиннің шайбасына қонақтар Дмитрий Семиннің шайбасымен жауап қайтарды. Матчтың ғана емес, 7 матчтық серияның тағдыры үшінші кезеңде шешілді. Даррен Диц дубль авторы атанып, “Барыстың” үшінші шайбасын соқты. Қорытынды есеп – 3:2.
“Барыс” – ширек финалда! Отандастарымыздың келесі қарсыласы – Омбының “Авангард” командасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp