«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“РЕАЛ МАДРИДТЕГІ” АУЫС-ТҮЙІС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Испанияның “Реал Мадрид” клубында ауыс-түйіс орын алды. Зинедин Зидан корольдік клубтың ресми түрде бас бапкері болып тағайындалса, қорғаушы Марсело Виейра туриндік “Ювентуске” ауысты.
Араға бір жыл салып, “Реал Мадридке” оралған атақты бапкер клубтың тізгінін қайта қолына алды. Келісішарт бойынша, 46 жастағы Зидан 2022 жылдың 30 маусымына дейін бас бапкердің міндетін атқарады.
Зинедин Зидан 2,5 жылға созылған бапкерлік қызметі кезінде Испания чемпионаты мен Суперкубогын және үш рет Чемпиондар лигасын жеңіп алған алғашқы бапкер. Ол “2017 жылдың үздік бапкері” деп танылды.
Туриндік клубқа ауысқан Марсело жылына 12 млн. еуро көлемінде жалақы алуы мүмкін. Бразилиялық ала доп шебері “Реал Мадрид” құрамында биылғы чемпионатта тек 13 ойынға шығып, екі гол соқты.
Қазір Испания чемпионатының турнир кестесінде үшінші орында тұрған корольдік клуб “Барселонадан” 12 ұпайға қалып келеді. Мадридтік команда Испания кубогы және Чемпиондар лигасы жарыстарынан шығып қалды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp