«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СӘБИІНЕН АЙЫРЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жүкті әйел облыс орталығындағы жұқпалы аурулар бөлімшесінен перинаталдық орталыққа шұғыл жеткізілгенімен, дәрігерлер шақалақты аман сақтап қала алмады.

Перинаталдық орталықтың бас дәрігері Жанна Мауытованың айтуына қарағанда, әйелдің толғағы мерзімінен бұрын келіп, өзін өте жайсыз сезінгеннен кейін осында ауыстырылған. Мұның алдында айы-күні жетіп отырған жас ана қызылша кеселіне шалдыққандықтан, жұқпалы аурулар бөлімшесінде тиісті ем-дом алып жатқан. Толғағы басталған соң барлық медициналық көмек көрсетілген. Бірақ бала өлі туған. Ақ халаттылар нәрестенің өліміне қызылшаның еш қатысы жоқ, өлімге 7 айлығында шала туғаны басты себепкер деген тұжырымды алға тартып отыр.
Қазіргі уақытта перинаталдық орталықта карантин жарияланған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері бойынша өңірде қызылша ауруын жұқтырғандардың саны жүзге жеткен. Олардың жартысына жуығы – 14 жасқа дейінгі балалар.
Қызылша ошақтары анықталған үш мектепте алдын алу шаралары, сондай-ақ, сақтандыру жұмыстары жүргізілуде. Мамандар ата-аналардың мектептер мен балабақшаларда карантин жариялау туралы ұсыныстары негізсіз деп отыр.

Өмір ЕСҚАЛИ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp