«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕАТРҒА КЕЛ, КӨРЕРМЕН!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

15-16 наурыз күндері Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында “Амилькар – человек, который платит” трагикомедиясының тұсаукесері өтеді.
Бақытты сатып алуды мақсат тұтқан адамды қандай тағдыр күтіп тұр? Жалпы, бақыт дегеніміз не? Сүйікті жарыңның махаббаты ма? Әлде балаларыңның ілтипаты мен құрметі ме? Мүмкін досыңның адалдығы шығар? Француз драматургы Ив Жамиак аталмыш пьесасында дәл осылай, яғни өмірді трагикомедия етіп суреттейді.
Қойылым күтпеген жағдайлар мен күлкілі оқиғаларға толы. Кейіпкерлердің басынан өткергені ешбір көрерменді бейжай қалдырмасы анық.
Рөлдерді Людмила Шалаева, Евгений Патешкин, Ринат Исмаилов, Марина Черняк, Жұман Мұқанов және тағы басқа әртістер сомдамақ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp