Биыл жаңа оқу жылынан бастап республика мектептерінде электронды оқулық қолданысқа енгізіледі,
Электронды оқулық жобасы өткен жылы қыркүйек айында Қазақстанның 11 мектебінде пилоттық жоба ретінде енгізілген. Жаңартылған бағдарлама бойынша, 3, 6, 8-сынып оқулықтарының электронды нұсқалары жасалған болатын. Жаңа жоба сынақтан өткен мектептердің ұстаздары электронды оқулық пайдаланған уақыт аралығында оқушылардың сабақ үлгерімі жақсарғанын айтады.
Алайда электронды оқулықтар қағаз оқулықтарды түгелдей ауыстырады деген сөз жоқ. Оқулықтағы білім баланың жас ерекшеліктерін есептей отырып берілген. Бір ғана тақырыппен танысып отырып, тура осы тақырыптағы басқа сыныптарда қамтылған оқу материалдарын да көруге оқуға, тыңдауға мүмкіндік алады.
https://24.kz/kz/zha-aly-tar/basty-zha-aly-tar/item/301630-zha-a-o-u-zhylynan-bastap-mektepterde-elektrondy-o-uly-oldanys-a-engiziledi