Өңірімізде өткен аптада қызылша ауруын 40 адам жұқтырғаны анықталды.
Аурудың алдын алу мақсатында қазір облыста кешенді жұмыс жүргізілуде. Дертті ауыздықтау үшін арнайы штаб құрылып, алғашқы медициналық- санитарлық көмек көрсететін ұйымдарда, мектептерде кеңестер өтті.
Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қызметкерлері тұрғындарға аурудан сақтанудың жолдарын айтып, түсіндіруде. Өңірдегі барлық мекемеге алдың алу шаралары туралы ақпараттар жіберілді. Қазіргі таңда қызылшаға қарсы екпе алмаған адамдар бақылауға алынды