«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘКЕ АМАНАТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ерболат ЕРЖАНҰЛЫ,
Петропавл қаласының тұрғыны:
– Балам, мынау сенің ағаң Зәйкен, ол батыр болған.
– Батыр болған?..
– Иә, Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапты, – деп сөзінің соңында әкем иегі кемсеңдеп, қолындағы ескі суретті кеудесіне қысып отырып, қалың мұңның құшағына енуші еді. Біраз үнсіздіктен кейін ауыр күрсініп алды да, тізесіне жайғасқан менің басымнан бір сипап, әңгімесін әрі қарай жалғады.

– Қарғыс атқыр соғыстан аман келгенде ғой, осы елдің тұтқасын ұстап, билік айтар азаматтың бірі болар еді. Сүйегің қайда қалды екен, қыршыннан қиылған асылым-ай? – деп әкемнің Ұлы Отан соғысынан оралмаған немере ағасын жоқтап, етжүрегі елжіреп отырған бейнесі сол кезде бала болсам да, менің жадымда жатталып қалды.
Зәйкеннің анасы Қанапия апамыз бауыр еті балалары – Зәйкен мен Нығыманның өле-өлгенше жолын тосумен өтті. Екі бірдей ұлды дүниеге әкелген әжемізді қатал тағдыр аямады. Небары 18 жасында майданға аттанған Нығыман көп ұзамай мерт болса, Зәйкен 1945 жылы, сұм соғыс аяқталуға санаулы күндер қалғанда оққа ұшыпты. Ауыл үлкендерінің майдан даласынан келген қара қағазды қарт ананың қолына ұстатуға жүректері дауаламаған. Қаралы хабар жазылған қағазды ағайын-туыс әр жерге бір жасырып жүріпті. Жесір әйел екі баласының қазасын көтере алмай, қайғыдан қан жұтады деп ойлаған шығар? Ол кісі 1957 жылы сексен жастың бел ортасына келіп көз жұмды. Өмірінің соңына дейін қарашаңырақтың түтінін өшірмеді. Екі ұлынан хабар күткен қайран ананы бүкіл ауыл төбесіне көтеріп, сыйлап өтті. Өйткені, ол уақытта ауыл жұрты дәстүрім – дәулетім, ғұрпым – ғұмырым, салтым – санам деп ата-баба жолын берік ұстанушы еді. Тіпті, Қайыржамал тәтеміз Қанапия шешесінің бауырында өсті. Абысын-ажынның бір-біріне деген жанашырлығы да көңіл сүйсінтетін. Қайын інісі Қабдол мен абысыны Дәмелі жесір әйелді жалғызсыратпай оны өз шаңырақтарына көшіріп алып, қыздарын бауырына салып, ғұмыр жасын ұзартуға тырысыпты.

Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің №27 (12.03.2019) санынан оқи аласыздар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp