Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасы аясында 5 816 өтінім мақұлданды.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев хабарлады.
Ұлттық банк басшысының айтуынша, «7-20-25» бағдарламасы 8 банк арқылы жүзеге асырылып жатыр. 1 наурыздағы есеп бойынша 9 983 өтінім қабылданып, жартысынан астамы мақұлданды. Банктер 4 566 өтінім бойынша 54,5 млрд теңге берді.
«Баспана» ипотекалық ұйымы 13 әкімдікпен бағдарлама бойынша бастапқы жарнаны субсидиялау туралы меморандумдар жасасты. Ұлттық банк пен «Баспана» ИҰ белсенді түсіндіру жұмысын жүргізуде.
https://www.inform.kz/kz/7-20-25-erbolat-dosaev-bagdarlamanyn-aralyk-natizhesin-malim-etti_a3506274