«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 12.03.2019

АНАЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Сенат депутаттары Ерік Сұлтанов пен Ольга Перепечина “Алтын алқа” және “Күміс алқа” иегерлерімен кездесіп, дастарқан басында емен-жарқын әңгіме өрбітті.

БІЛІКТІЛІК — БАСТЫ ТАЛАП

Соңғы жылдары елімізде кәсіби мемлекеттік аппарат құрудың маңызы артып отыр. Осыған орай облыстық әкімдікте “Аймақтың дамуына бағытталған жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің трансформациясы” тақырыбында семинар өтті. Шараға қатысқан қала және аудан әкімдері жобалық менеджменттің қыр-сырын меңгеруде.

ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес үстіміздегі жылдың наурыз-маусым айларында еліміздің Қарулы Күштері қатарына шақыру науқаны жүргізіледі. Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы полковник Алмас Тілеухановтың айтуынша, көктем айларында 600 солтүстікқазақстандық жігіт сарбаздар қатарын толықтыруы тиіс.Бүгіндері облысымызда төрт мыңнан астам  әскер жасындағы азаматтар тіркелген. Алайда олардың басым бөлігі объективті және субъективті себептерге байланысты әскери қызметке алынбайды. Үстіміздегі …

ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Read More »

ЕҢБЕКПЕН ТҮЗЕГЕН ТИІМДІ

ЕС-164/6 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан қыз-келіншектер бір жыл бойы “Шмагнов” жеке кәсіпкерлігінің жылыжайында еңбектенуде.   Темір тордың арғы жағындағы тіршілік қатты аязға, аптап ыстыққа қарамастан, қызу қайнап жатады. Биылғы қыста да жазасын өтеп жатқандар көкөніс жинауға білек сыбана кірісті.Қыз-келіншектер жылыжай жағдайында топырақты органикалық тыңайтқыштармен нәрлендіру, топырақты құрғату, өсімдіктерді құрт-құмырсқадан сақтау шараларын жүргізді. Әйелдердің баптап өсірген …

ЕҢБЕКПЕН ТҮЗЕГЕН ТИІМДІ Read More »

ЖАҢА СЕРІКТЕС ТАПТЫ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин “DAZN” стримингтік телеарнасымен келісім жасасты. Бұрнағы күні стримингтік компанияның басшылығы қазақстандық кәсіпқой боксшымен келісімшартқа отырғанын ресми мәлімдеді. “Келісім жүзеге асты! “GGG” жекпе-жектерін “DAZN”-нан көріңіздер”, – деп жазды сервистің Твиттердегі парақшасы. Головкинмен келісімшарт жасауға “Premier Boxing Champions”, “Showtime” және “ESPN” сервистері де үмітті болған. Бірақ бәрін “DAZN” басып озды. “The Ring” …

ЖАҢА СЕРІКТЕС ТАПТЫ Read More »

АЛДА ТҰРҒАН МІНДЕТТЕР АУҚЫМДЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес соңғы жылдары барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдындағы есепті кездесулерін өткізуі игі дәстүрге айналды. Тұрғындармен ашық әңгіме түрінде өтетін алқалы жиын барысында әкімдер еліміздің, облыстың, аумақтық бірліктің бір жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуының басты көрсеткіштеріне тоқталып, алдағы жылдарға жоспарларымен бөліседі, тұрғындарды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап беріп, түйінді мәселелерге тоқталады.

ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Ақмола облысының Щучье қаласында қысқы спорт түрлерінен мектеп оқушылары және колледж студенттері арасындағы IX республикалық спартакиада өз мәресіне жетті. Тартысты сайыста 16 команда сынға түскен болатын. Бірнеше күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша Қызылжар өңірінің намысын қорғаған өрендер жалпыкомандалық екінші орынға тұрақтады. Атап айтқанда, жерлестеріміз президенттік көпсайыста топ жарса, допты хоккейде екінші болды. Қыздар шаңғы жарысы …

ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА Read More »

АУЫЛДЫ ҚОЛДАУДЫҢ АЙШЫҚТЫ ҮЛГІСІ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тәуелсіздігінің белесті кезеңдеріндегі әр бастамасы еліміздің дамуына, шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесінің артуына, жұмыссыздықтың азаюына және жұртшылықтың жұмыспен қамтылуына бағытталды. Президенттің бес әлеуметтік бастамасы да бүгінде берекелі істердің бастауына айналып отыр.

ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА КӨБЕЙЕ ТҮСТІ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жоспары бойынша 2019 жылы “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында құрылысы жоспарланған 3 355 пәтер “7-20-25” бағдарламасы бойынша саудаға қойылмақ.

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА — ТОСҚАУЫЛ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Жолдауында мемлекеттік қызметтің сапасын жақсартуға ерекше мән беру қажеттігін атап көрсетті. “Сапа” – мемлекеттік қызметші өмірінің жаңа стилі, ал өзін-өзі жетілдіру – оның басты қағидаты болуға тиіс.