«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 13.03.2019

ҰСТАЗДАР ТОК-ШОУЫ

Бүгін Оқушылар сарайында ерекше шара өтті. Облысымыздың білім беру мекемелері басшылары мен ардагер ұстаздар “Жас маман – жаңа белес”  атты ток-шоуға қатысты. Мектепке келген жас маман қандай проблемаларға тап болады? Өңірімізде тәлімгерлік жұмысы жолға қойылған ба? Педагог  жастар неліктен мектепте қызмет істеуге құлықсыз? Ток-шоуға қатысушылар осы сұрақтарға жауап беруге тырысты. 

НАШАҚОРЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

Облыстық полиция департаменті биылғы жылды “Есірткі бизнесімен күрес жылы” деп жариялап, жастар арасында ғасыр індетіне қарсы іс-шаралар ұйымдастыруда. Тәртіп сақшыларының мұрындық болуымен жуырда Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында “Қасірет” қойылымы сахналанды. Туындыны тамашалауға өңіріміздің жастары шақырылды. Оқиға бір отбасында өрбиді. Ортасына сыйлы ерлі-зайыптының жан дегенде жалғыз ұлы нашақорлық жолға түсіп, есірткінің жетегінде кетеді. …

НАШАҚОРЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ Read More »

ӘЙГЕРІМ ТАСБОЛАТОВА – УНИВЕРСИТЕТ АРУЫ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде “Университет аруы” атты сұлулық байқауы өтті. Оған қыр гүліндей әсем әрі өнерлі 12 қыз қатысып, бақ сынады. Университет аруы атанып, тәжге ие болғысы келген нәзік жандар сайыстың бірінші кезеңінде өздерін таныстырып, өлең оқыды. Екінші кезеңде өнерлерін ортаға салды. Байқау жеңімпазы Әйгерім Тасболатова Мұқағали Мақатаевтың “Аққулар ұйықтағанда” поэмасынан үзінді оқып, …

ӘЙГЕРІМ ТАСБОЛАТОВА – УНИВЕРСИТЕТ АРУЫ Read More »

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ АМАЛ КҮНІНЕН БАСТАЛАДЫ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына дайындық шаралары баяндалды. Отырыста облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Әсем Рахметова хабарлама жасады. – Халқымыздың дәстүрі бойынша Наурыз мейрамы Амал мерекесі мен Көрісуден басталады, -деді ол. Ал  облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досбол Әбдірейісовтің айтуынша, Ұлыстың ұлы күнінде Ресей Федерациясынан келетін қонақтардың қатысуымен Петропавл қаласында …

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ АМАЛ КҮНІНЕН БАСТАЛАДЫ Read More »

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШТІ

Петропавл қаласындағы Жұмысшы кентінде №2 полиция бөлімінің ғимараты ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет, қала әкімі Марат Тасмағанбетов, облыстық ішкі істер департаментінің басшылығы, сала ардагерлері және кент тұрғындары қатысты. Вокзал, Жұмысшы кенті, “Береке” шағынауданы, Өндірістік аймақтағы криминогендік жағдайға жауапты 116 тәртіп сақшы бұған дейін Мичурин көшесі, 4-үй мекенжайында орналасқан болатын. 1950 жылы салынған …

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШТІ Read More »

ЖӘРДЕМАҚЫ ТОҚТАП ҚАЛМАЙДЫ

2020 жылдан бастап баланың анасы жұмысқа шыққысы келген жағдайда оған бала күтіміне байланысты төленетін  жәрдемақы әрі қарай да берілуі мүмкін.

«ҚАСІРЕТ»

Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры қала мектептерінің оқушыларына «Қасірет» қойылымын ұсынды.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ

Бұдан былай елімізде балаларына қоқан-лоққы көрсетіп, зорлықта ұстаған ата-аналар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Бұл туралы Сенатта өткен әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитет отырысында Мәжіліс депутаты Светлана Бычкова әңгімеледі. Халық қалаулылары “Балалар құқығын қорғаумен айналысатын ұйымдардың жұмысын реттейтін кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңды қабылдады. Бұрын әлімжеттікке бой алдырған ата-аналар тек әкімшілік …

ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ Read More »

АЯЛДАМАҒА КІРІП КЕТТІ

Демалыс күндері жергілікті полицейлер күшейтілген түрде қызмет атқарды. Полицияның кешенді күштерінің жаяу жасақтары екі ауысымда облыс орталығының көшелеріне патрульдеуге шықты. Сонымен қатар, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Облыс жолдарында   7 – 10 наурыз аралығында жол жүру ережесінің бір мыңнан астам  бұзушылығы анықталды. Оның ішінде – 565 «өрескел» бұзушылық болды, көлік құралын басқару құқығынан …

АЯЛДАМАҒА КІРІП КЕТТІ Read More »

ТІЛ ҮЙРЕНУ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ?

Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы мамандарының қатысуымен жыл сайын облысымызда «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді игеру деңгейін анықтауға сертификаттық  тестілеу өткізіледі. Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы Кемел Оспановтың келтірген деректеріне қарағанда, 2016 жылы республикалық  тестілеуге 2600, 2017 жылы-5115, ал былтыр 1981 адам қатысқан. Өткен жылы 156 адам Ұлттық тестілеу орталығының сертификатын алған.   …

ТІЛ ҮЙРЕНУ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ? Read More »