«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРМАНЫМ – ЖУРНАЛИСТ БОЛУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Көздерінде от ойнар, сөздерінде жалын бар жастар ел келешегінің іргетасын қалайды.
Міне, мен де биыл 11-сыныпты бітіргелі отырмын. Алдымда сан тараулы жол тұр. Әрбір түлек болашақ мамандығын өзінің қарым-қабілетіне қарай таңдайды. Мен кішкентайымнан ақ қағаз бен қаламға үйірмін. Бірте-бірте көркем жазуға деген ықыласым артты. Осылайша, болашақта қаламы қарымды журналист боламын деп шештім.

Журналист – қарапайым халық пен билік арасындағы алтын көпір. Қолына қалам ұстаған тілшілер қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге, қазақтың салт-дәстүрін, тілі мен ділін, тарихын, мәдениетін дәріптеуге атсалысады. Мен сөзге шешен, ұтқыр ойлы, кез келген жанмен тіл табыса алатын адам ғана мықты журналист бола алады деп ойлаймын. Демек, бұл мамандықтың жауапкершілік жүгі ауыр. Мен қаламы қарымды журналистерге қарап бой түзеп, өз еліме адал қызмет еткім келеді.

Мақпал ЕРҒАЛИЕВА,  Тимирязев жалпы білім беретін қазақ мектеп-интернатының оқушысы.
Тимирязев ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp