«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕТІСТІКТЕР ЖІГЕРЛЕНДІРЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты бағдарламалық мақаласының басты мақсаты халқымыздың өткенін, ұмыт қалған салт-дәстүрлерімізді, әдеп-ғұрыптарымызды, ұлт қаһармандарының, ойшылдарымыздың есімдерін жаңғыртып, келешек ұрпаққа жеткізу болып табылады. Бұл мақалада көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруда білім ордаларына зор міндеттер жүктелетіні айтпасақ та түсінікті.

Жамбыл орта мектебінде 23 мұғалім еңбек етеді. Былтыр бағдарлама аясында әртүрлі тақырыптарда іс-шаралар, аудандық семинарлар, сайыстар мен көрмелер өткізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын тауып отыр.
Былтырғы қараша айында жергілікті мұғалімдерге арналған “Жаңартылған білім мазмұны жағдайында мектеп жұмысын жетілдіру” тақырыбында аудандық семинар өтті. Аталмыш шара білім беру мазмұнын жаңарту аясында сабақты жаңаша талдау, пікір алмасу, ашық сабақ үлгісін көрсету мақсатын көздеді. Семинарда орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Аққу Қазиева мен Раушан Адракова жаңартылған бағдарлама бойынша ашық сабақ өткізді.
Білім ордасында тәрбие жұмысына және мәдени іс-шараларға баса назар аударылады. Ұстаздар қауымы да ұжым болып үнемі осы шаралардың басықасынан табылып жүр. Тілдер фестивалі аясында “Тіл достығы – халық достығы” атты аудандық шығармашылық байқау өтіп, мектебіміз бірінші орынды жеңіп алды. Әлеуметтік ұстаз Думан Бекеновтің ұйымдастыруымен СПИД ауруымен бүкіләлемдік күрес айлығына орай “Деніміз сау және бақытты болайық” ұранымен өткізілген жайдарман ойындарына оқушыларымыз белсене қатысып, аудан мектептерінің арасынан жүлделі екінші орынға ие болды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Әлібек Рамазанов Тәуелсіздік күніне орай оқушыларымен және ата-аналарының қатысуымен “Толағай” спорттық сайысын ұйымдастырды.
Ұстаз бала жанының тамыршысы демекші, мектебімізде орыс тілі және әдебиеті пәндерінен сабақ беретін Аққу Қазиева өз ісіне жауапкершілікпен қарап, қажет болғанда әріптестеріне, шәкірттеріне қол ұшын береді, көмегін аямайды. “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасының аясында оқушыларын даярлап, “Бір мемориалды тақтаның тарихы” атты ғылыми жобамен облыстық байқауға қатыстырды. Бұл жоба Жамбыл орта мектебінде талай жыл ұстаздық қызмет атқарған Мағел Басыбаевқа арналды. Авторлары – бесінші және алтыншы сынып оқушылары Әсия Баязит пен Нұргүл Адракова жобаларын сәтті қорғап, екінші дәрежелі дипломмен марапатталды.
Шәкірттерінің жүрегіне ізгілік нәрін сеуіп, ұлт тағылымын дарытып, біліктілігімен де лайықты үлес қосып жүрген ұстаздарымыздың еңбегі құрметке лайық.


Жанна ОСИПОВА, Жамбыл орта мектебінің кітапханашысы.
Жамбыл ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp