«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кез келген елдегі экономикалық саясаттың негізгі басымдықтарының бірі – шағын және орта бизнесті дамыту. Біздің елде кәсіпкерлік ортаның бастамаларын іске асыру үшін қолайлы бизнес ахуал қалыптасқан.

Кәсіпкерлер мен инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларының бірі “Protecting Business and Investments” жобасы болып табылады. Оның мақсаты – қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру және бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру.
Бұл қанатқақты жоба шеңберінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері инвесторға қолдау көрсетеді. Бұл құқықтық кеңестерді, мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсынуды қамтамасыз етуді, нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіруді қамтиды. Негізгі бағыттар – кәсіпкерлерді құқықтық қорғау, бизнес үдерістерді оңтайландыру, реттеушілік ықпал ету, қоғамдық бақылау және инвесторлардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын арттыру болып саналады.
Облыс аумағында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тап болған кезде инвесторлар мен бизнесмендер Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ұлттық бюроның департаментіне, агенттіктің және Ұлттық бюроның орталық аппаратына немесе тікелей агенттік басшылығына жүгіне алады.
Департамент барлық қолжетімді ресурстарды пайдалана отырып, бизнес-қоғамдастықты және инвесторларды олардың кез келген “қысымынан” қорғауға тиісінше ықпал етеді. Барлық инвесторлармен және кәсіпкерлермен келісім жасалады, оның шеңберінде департамент пен инвестор өздеріне бірқатар міндеттемелер алады.
Біздің облыста “Мәмбетов және К” коммандиттік серіктестігі, “Радуга”, “BioOperations”, “Тайынша май”, “ЕМС – Агро”, “Северный строитель”, “Казмел” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, “Голуб” жеке кәсіпкерлігі сияқты сегіз жергілікті және шетелдік инвесторлармен жалпы сомасы 62,4 млрд.теңгеге келісімге қол қойылды. Кәсіпкерлер бұл жоба аясында өздерін толғандырған мәселелерімен жүгінетін болды. Жобаны іске асыру басталғаннан бері облыс кәсіпкерлерінен 25 өтініш келіп түсті. Мысалы, “BioOperations” ЖШС-і шетелдік жұмысшыларға виза беруге қатысты өтініш білдірген, бұл мәселе оң шешімін тапты.
“Protecting Business and Investments” кеңсесі мен өңірлік кәсіпкерлер палатасы “АГРОТРАК” жеке кәсіпкерлігінің басқа жақтан жеткізілген өнім үшін тиісті алым төлеуге қатысты мәселесін еліміздің қолданыстағы заңнамалары аясында оң шешті. Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелеріне қатысты өнімдер тізбесіне өзгерістер енгізілуіне байланысты “Оператор РОП” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі төлеуге тиіс емес қаржыны төлегені анықталды. Бұл жағдайды анықтау тауарлардың импортымен айналысатын көптеген кәсіпкерлердің проблемасын шешуге көмектесті.
Сондай-ақ, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Привольное ауылында жер телімін ресімдеуге қатысты “Голуб” жеке кәсіпкерлігінің мәселесі оң шешілді. “Гусельников Ю.А.” жеке кәсіпкерлігінің Петропавл қаласындағы №9 орта мектеппен жер телімдерінің шекарасын нақтылауға қатысты өтініші қаралды. Облыстың жергілікті атқарушы органдармен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде “Гусельников Ю.А.” жеке кәсіпкерлігінің жер телімінің координаттары сәйкестендірілді, оған билік ету құқығы қалпына келтірілді.
Сондай-ақ, көптеген кәсіпкерлер кеңес алу, соның ішінде мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру үшін жүгінеді. Облыстық кәсіпкерлер палатасы белсенді жұмыс жүргізуде.
Әкімшілік кедергіге, сондай-ақ, мемлекеттік органдар тарапынан сөзбұйдалыққа салу фактісіне кездескен кәсіпкерлер мен инвесторлар Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша “Protecting Business and Investments” фронт-кеңсесіне хабарласа алады.

Амангелді CАТАНОВ,  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің  бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp