«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАРАТ МҰҚАНОВ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Этнограф, тарих ғылымдарының докторы Марат Мұқанов 1929 жылы Петропавл қаласында дүниеге келген. Әкесі – жазушы Сәбит Мұқановтың жолын қуып, қолына қалам алған ол 1954 жылы Қазақ мемлекеттік университетін тамамдайды. Еңбек жолын Өскемен қаласында тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері болып бастаған.

Этнография саласындағы зерттеу жұмыстарымен 1956 жылдан айналыса бастайды. 1956-1987 жылдары Қазақстан Ғылым академиясы ұйымдастырған 6 этнологиялық экспедицияның құрамында еліміздің 9 облысында болып, қазақтың этногенезі мен этнографиясы және халықтың мәдени қарым-қатынастарының тарихы жөніндегі еңбектеріне мол материалдар жинайды. Марат Мұқановтың 40 ғылыми еңбегі, оның ішінде 6 монографиясы жарық көрген. “Этнический состав и расселение казахов Среднего жуза”, “Қазақ жерінің тарихы”, “Из исторического прошлого” және тағы басқа кітаптардың авторы Қазақстанның тарихи-этнология ғылымына зор үлесін қосты. Марат Сәбитұлы 1998 жылы Алматы қаласында дүниеден өтті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp