«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НҰР СЕБЕЛЕ, ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінде көрісу мерекесіне орай “Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні” атты мерекелік шара өтті. Оны облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архиві ұйымдастырды.

Кеш басталмас бұрын №17 мектеп-кешеннің оқушыларына Амал күнінің маңызы жайында айтылды. Ағайын-туыстар бұл мерекеде бір-бірімен көрісе отырып, мерекелік ізгі тілектерін жаудырып, қыстан аман шыққанына шүкіршілік етеді. Ежелгі дәуірден 14 наурыз жыл басы болып саналады. Сондықтан дәл осы күні ел-жұрттың амандық-саулық сұрасып, қауышуы тегін емес.

Мерекелік шара барысында №17 мектеп-кешенінің оқушылары төс қағыстыру салтын сахналады. Сондай-ақ, Амал күнінде бір-біріне сәлем беру дәстүрін де көрсетті. Киіз үй құрылып, жастар оның шығу тарихымен таныса алды. Бұдан басқа, қонақтар наурыз көжеден дәм татып, Қыдыр ата жиналғандарға ақ батасын берді.

Кешке орай “Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!” деген тақырыпта көрме әзірленді. Онда архивтік құжаттар мен 1989 және 1991 жылы “Ленин туы” газетінде (қазіргі “SQ”) жарық көрген Наурыз мейрамы туралы мақалалар мен фотосуреттер орналастырылған. Сондай-ақ, жиналғандарға 1991 жылы экранға шыққан “Наурыз” деректі фильмі көрсетілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp