«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШТАТТАР ЫҚШАМДАЛЫП ЖАТЫР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Алдағы жарты жылда ықшам мемлекеттік аппарат құру аясында мемлекеттік органдарда штаттық көлемді оңтайландыру жұмыстары жүргізіледі,

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюрода өткен брифингте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2019 жылы 19 ақпанда мемлекеттік және жергілікті атқару органдарының штаттық көлемін оңтайландыру бойынша кешенді жоспар қабылданды», – деді ол . 

Алдағы жарты жылда орталық, жергілікті атқару органдарында және ведомстволық бағынышты ұйымдарда штаттық көлемді қысқарту жұмыстары жүргізілмекші. Бірінші кезекте басқару бөлімдері оңтайландырылады, құрылымдық бөлімшелер мен ұқсас қызметтер біріктіріледі. Ал мемлекеттік қызметші жұмысының басты көрсеткіші сапа болады. Бұл ретте мемлекеттік органдар қызметіндегі қағазбастылықты азайту міндеті қойылған.

  https://www.inform.kz/kz/memlekettik-organda-baskaru-lauazymdary-kyskarady_a3507169

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp