«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРЫСТАН МЕН ТЫШҚАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ерте ерте ертеде орман патшасы арыстан тоғайдың қалың бедерінде ұйықтап жатып, бір тышқанның ойнақтап, үстінен жорғалап жүргенін сезеді. Арыстан ұйқысынан ызаланып оянып, тышқанды ұстап алып, өлтірмекші болғанда тышқан жалбарынып:

– Тақсыр, мені өлтірмеңізші, бір жолға кешіре көріңіз. Бір күні мен де бір қызметіңізге жарармын, – дейді.
Арыстан оның сөзіне күліп:
– Сен өзің кішкентай ғана тышқансың, менің қандай қызметіме жарамақсың, – деп жаны ашып, тышқанды қоя беріпті.
Күндердің күнінде арыстан жортып жүріп, аңшылардың құрған тұзағына түсіп қалыпты. Шарқ ұрып тыпырлап, дауыстап көмекке шақырса да, тұзақтан құтыла алмапты.
Сол жерден өтіп бара жатқан тышқан арыстанның бұл халін көреді.
– Лажың бар ма бұған қылар? – депті аң патшасы. Тышқан дереу тістерімен тұзақтың жіптерін кеміріп қиып кеп жіберіп, арыстанды тұзақтан құтқарыпты. Тышқан арыстанға:
– Мені кішкентайсың, – деуші едің. Міне, сені бір ажалдан алып қалдым, – депті. Осылайша, арыстан жасалған жақсылықтың қайтарымы болатынын түсініпті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp