«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАНДИН БАБЫНДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Словенияның Крань қаласында жүзуден өтіп жатқан халықаралық жарыста 23 жастағы Дмитрий Баландин төртінші алтын медаліне қол жеткізді.

2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы бұған дейін 50 және 200 метрге брасс әдісімен жарысудан топ жарған болатын. Бұл жолы отандасымыз 100 метрге брасс әдісімен жүзуде жеңімпаз атанды. 2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына іріктеу сайысында Диана Назарова 50 метрге, Анастасия Резванцева 200 метрге шалқалап жүзуде жеңістің бірінші сатысына көтерілді. Әділбек Мусиннің 50 метрге баттерфляй, ал Аделаида Пчелинцеваның 100 метрге брасс әдісімен жүзуден екінші орын иеленгенін айта кеткен жөн.
Жүзуден ерлер арасындағы 4×100 метрлік эстафетада Қазақстан құрамасы (Дмитрий Баландин, Александр Варакин, Әділ Қасқабай, Әділбек Мусин) алтын жүлде жеңіп алды. Әйелдер командасы (Анастасия Резванцева, Аделаида Пчелинцева, Диана Назарова, Алина Костенко) күміс медаль иеленді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp