Лас-Вегаста жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан командасы бес алтын медальға ие болды.
Соңғы ек алтынды команда қоржынына 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ольга Пастухова және 96 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Рахат Бекболат салды. Ал бұған дейін әр түрлі салмақта Ақмолда Сайрамкез, Сайхан Тайсуев және Сәпи Есенгелді алтыннан алқа таққан еді.
Бұл чемпионатқа 50 елден 13-17 жас аралығындағы екі жүзден астам спортшы қатысты. Қазақстанның атынан бес спортшы өнер көрсетті.