Әнші Димаш Құдайберген Америкада өтіп жатқан «The World’s Best» байқауына одан әрі қатысудан бас тартты.
Байқаудың финал алдындағы Solo Music санатындағы шығарылымында қазақстандық әншілер Димаш Құдайберген, Данэлия Тулешова және Индия елінің өкілі Лидиан Надхасварам ғана қалған болатын.
Димаш балалармен бірге сынға түскісі келмейтіндігін айтып, қазылар алқасынан өзін түсінуді өтінген. «Сіздердің рұқсаттарыңызбен бұл сайыстың тізгінін кішкентай бүлдіршіндерімізге қалдырғым келіп отыр», – деді Димаш.
Америкада өтіп жатқан «The World’s Best» байқауының алғашқы турларын-ақ Димаш Құдайберген әнсүйер қауымның да, қазылар алқасының да көңілінен шыққан болатын және ең көп ұпай жинап, бірінші болып келе жатыр еді.
https://www.inform.kz/kz/sayystyn-tizginin-buldirshinderge-berdim-dimash-the-world-s-best-baykauynan-ketti_a3507047