Тәртіп сақшылары екі жыл бұрынғы қылмысты ашты. Қарақшылық шабуыл 2017 жылдың күзінде Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда жасалған. Урожайное ауылындағы үйлердің біріне баса-көктеп кірген ер адам 21 жастағы үй иесін пышақпен қорқытып, барлық ақшасын алып кеткен. Болған жағдайдан кейін есеңгіреп қалған ауыл тұрғыны полицияны бірден шақырмағандықтан, жабулы қазан жабулы күйінде қалды.
– “Құқық тәртібі” жедел-алдын алу шарасы аясында істегі фактілер қайта тексеріліп, күдікті анықталды”, – деді криминалдық полиция басқармасының бастығы Пётр Климов.
58 жастағы күдікті ауданнан шықпау туралы қолхатпен жіберілді.
Нұрбек БАЕКИН, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.