«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ЖАҢАЛЫҚТАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Күміспен күптелді

Ақмола облысының Щучье қаласында қысқы спорт түрлерінен мектеп оқушылары және колледж студенттері арасындағы IX республикалық спартакиада өз мәресіне жетті. Тартысты сайысқа 16 команда қатысқан болатын.

Бірнеше күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша облыс құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Атап айтқанда, жерлестеріміз президенттік көпсайыста жеңіске жетсе, допты хоккейде, қыздар арасындағы шаңғы жарысы және конькимен жүгіруде екінші, ерлер арасында спорттық бағдарлау, конькимен жүгіру, шаңғы жарысында үздік үштікті түйіндеді.

Рекорд жаңарды

АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында конькимен сырғанаудан өткен әлем кубогының соңғы кезеңінде Екатерина Айдова Қазақстанның рекордын жаңартты.
Әлем кубогының бес кезеңінің қорытындысы бойынша үздік деп танылған 12 спортшы бес қашықтықта сынға түсті. Бір мың метрге жүгіруде қазақстандық конькиші межеге 1 минут 13.7 секундта жетіп, сегізінші орынға тұрақтады. Отандасымыздың бұл көрсеткіші Қазақстан рекордын жаңартуға мүмкіндік берді.
Бағдарламаның аталған түрінде америкалық Бриттани Боуи алдына жан салмады. Ал екінші және үшінші орындарды жапон қыздары Михо Такаги мен Нао Кодайра өзара бөлісті.

Абсолютті чемпион

Астанада теннистен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Сайысқа еліміздің барлық өңірінен 128 спортшы қатысты.
Қарағанды теннис мектебінің түлегі Григорий Ломакин турнирдің абсолютті чемпионы атанды. Ол әуелі жекелей сында үздік шықты. Кейін Сағадат Аяппен бірге жұптар арасындағы сайыста топ жарды.
1999 жылы дүниеге келген Григорий Ломакин Владислав Шегайдың қарамағында жаттығады. Қазақстанның жаңа абсолютті чемпионы ел құрамасының сапында Түркияда өтетін оқу-жаттығу жиынына аттанды.

Әлем рейтингінде жоғарылады

Марокконың Мареккеш қаласында дзюдодан әлемдік Гран при кезеңі өтті. Әлемнің 67 елінен 443 татами шебері қатысқан жарыста ел құрамасының қоржыны 1 күміс, 1 қола жүлдемен толығып, жалпыкомандалық есепте 15-ші орынға тұрақтады.
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Гран при жарысынан кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты. Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес Гран при жеңімпазына әлем рейтингіне – 700 ұпай, күміс жүлдегерге – 490 ұпай, ал қола жүлдегерге 350 ұпайдан қосылады.
Әлемдік бәсекенің күміс жүлдегері Ерасыл Қажыбев (+100 кг.) жаңартылған рейтингте 51-ші орыннан 27-ші орынға, қола жүлдегер атанған Ерлан Серікжанов (66 кг.) 11-ші орыннан 8-ші орынға көтерілді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp