Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұжымы қайырымдылық шарасын өткізді.
Департамент мамандары облыстық қан орталығына келіп, донорлық қан тапсырды. Дәрігерлік тексеруден өтіп, денсаулығында кінәрат жоқ деп танылған 40-тан астам қызметкер 11 литрге жуық қан берді. Олардың арасында тұрақты түрде донор болып жүргендері де бар екен. Жалпы департамент ұжымы жылына 2-3 рет осындай шара өткізіп, сырқат жерлестерімізге көмек көрсетуді дәстүрге айналдырған.