«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шаршы алаңда жеңіліс дәмін татып көрмеген “IBO International” және “WBC Continental Americas” титулдарының иегері, қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО) кәсіпқой рингтегі 15-ші кездесуінде мексикалық Карлос Хименеспен (14-9-1, 8 КО) қолғап түйістіреді.

Кездесу Канаданың Монреал қаласында өтеді. Алдағы жекпе-жек үшін отандасымыз 40 мың АҚШ доллары көлемінде гонорар алады деп күтілуде. Батырдың қарсыласы – кәсіпқой бокста 60 рет жұдырықтасқан тәжірибелі спортшы. Хименес бұған дейін қазақстандық Данияр Елеусіновпен (5-0, 3 КО) Филадельфиядағы жекпе-жекте кездесетінін айтқан болатын. Алайда, “Eye of The Tiger” промоутерлік компаниясы мексикалықтың 16 наурыз Монреальда Батыр Жүкембаевпен жұдырықтасатынын мәлімдеді.
Бокс кешін “Хабар” телеарнасы 17 наурыз күні таңғы сағат 8-де көрсетеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp