М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері Алматы қаласында керлингтен өткен Қазақстан Республикасының ІІІ қысқы Жастар ойындарынан жүлделі оралды.
Бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен 13 команда қатысты. Нәтижесінде жергілікті университеттің құрамасы аралас командалар арасында топ жарды. Атап айтқанда, жарыста Дәулет Тарбақ, Елизавета Уточко, Дмитрий Гарагуль және Рузби Эргашева жеңіске жетті.
Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ, “Soltústik Qazaqstan”.