«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТІЛГЕ ЖЕТІК МАМАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің “Қазақстан халқы ассамблеясы” кафедрасы оқытушылар арасында “Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” тақырыбында бейнедәріс байқауын ұйымдастырды.

Байқау қазақ тіліне аударылған жаңа оқулықтарды оқытушылар мен студенттер арасында насихаттап, оларды дұрыс пайдалануға бағдар беруді көздеді. Үздік деп танылған дәрістер әлеуметтік желіге салынып, көпшіліктің назарына ұсынылатын болады.
Байқау қорытындысы бойынша университеттің тіл және әдебиет институтының оқытушысы Ботагөз Тауқұдіретова жеңімпаз атанды. “Фонетика және фонология” тақырыбын таңдаған ол дәрісті қазақ және ағылшын тілдерінде оқыды. Қазылар алқасы оның тақырыпты ашу әрі тыңдаушыны қызықтыру үшін әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданғанын ерекше атап өтті.
Байқауға қатысқан он оқытушының барлығы бағалы сыйлықпен және арнайы дипломмен марапатталды.


“Қызылжар-Ақпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp