«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЙЫРЫМДЫ ІС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мамандары мен пробация қызметі есебінде тұрған азаматтар облыстық қан орталығына келіп, 11 литрге жуық қан тапсырды.
ЕС 164/1 түзеу мекемесі бөлімінің бастығы Екатерина Говоркова осымен алтыншы рет донор атанып отыр. “2017 жылдан бері қан тапсырып келемін. Осындай қайырымды істерге баршамыз бір адамдай жұмылуға тиіспіз. Қан тапсыру адам ағзасына өте пайдалы”, – дейді ол. Мұны дәрігерлер де растап отыр. Қан тапсырған соң жүрек және қан тамырларының жұмысы жақсарып, адам ағзасында жаңару үрдісі жүреді. Статистика бойынша, донорлар инфаркт ауруына аз шалдығады. Бастысы, қан тапсыратын адамдардың дені сау болуы тиіс.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp