«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 14.03.2019

ТИІН

Тиін – епті, жеңіл қимылдайтын әрі жақсы өрмелейтін және талдан-талға оңай секіретін омыртқалы жануар.

ТІЛГЕ ЖЕТІК МАМАН

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің “Қазақстан халқы ассамблеясы” кафедрасы оқытушылар арасында “Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” тақырыбында бейнедәріс байқауын ұйымдастырды.

НҰР СЕБЕЛЕ, ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ!

Петропавлдағы №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінде көрісу мерекесіне орай “Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні” атты мерекелік шара өтті. Оны облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архиві ұйымдастырды. Кеш басталмас бұрын №17 мектеп-кешеннің оқушыларына Амал күнінің маңызы жайында айтылды. Ағайын-туыстар бұл мерекеде бір-бірімен көрісе отырып, мерекелік ізгі тілектерін жаудырып, қыстан аман шыққанына шүкіршілік …

НҰР СЕБЕЛЕ, ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ! Read More »

АҚШАБАЙДЫҢ ДАНАЛЫҒЫ

Қыпшақ жұртының шешені атанған Бекбау жолдастарымен бірге ел аралап, алдымен Көкшеге келіп оның сұлу табиғатына таңданып, айнадай жарқыраған көлдің ортасындағы Жұмбақтасты тамашалайды. Әрі қарай Қызылжар өңіріне сапарламақ.

ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Азаматтардың тәртіп сақшыларына деген сенімін арттыру, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында екі апта бойы облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов Петропавл қаласының шағынаудандарында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

ШТАТТАР ЫҚШАМДАЛЫП ЖАТЫР

Алдағы жарты жылда ықшам мемлекеттік аппарат құру аясында мемлекеттік органдарда штаттық көлемді оңтайландыру жұмыстары жүргізіледі,

ЖОЛ МҰРАТЫ — ЖЕТУ

Биыл қайда болмасын қар жылдағыдан көп түсті. Осыған орай тас жолдағы жағдай автокөлік жүргізушілеріне қолайсыздық тудыруда. Жақында “ҚазАвтоЖол” ҰҚ” АҚ-ның облыстық филиалы жергілікті тілшілер үшін баспасөз турын ұйымдастырып, өңіріміздегі республикалық маңызға ие жолдарды қардан тазарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен таныстырды. Өңірдегі республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы 1468 шақырымды құрайды. Олардың басым бөлігі аталмыш мекеменің …

ЖОЛ МҰРАТЫ — ЖЕТУ Read More »

ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШТІ

Петропавл қаласындағы Жұмысшы кентінде №2 полиция бөлімінің жаңа әкімшілік ғимараты ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет, қала әкімі Марат Тасмағанбетов, облыстық полиция департаменті мен прокуратураның басшылығы, ардагерлер және шаһар тұрғындары қатысты.

НАУРЫЗ – ТОЙДЫҢ ТӨРЕСІ

Ырыс пен берекенің бастауы болған Наурыз мейрамын биыл өңірімізде кең ауқымда атап өту жоспарлануда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

ДАНЭЛИЯ ФИНАЛҒА ЖЕТПЕЙ ҚАЛДЫ

Қазақстандық әнші Данэлия Төлешова америкалық The World’s Best шоуының финалына шыға алмай қалды. Ал онымен бәсекеге түскен үндістандық Лидиан Надхасварам финалда Оңтүстік Корея акробатымен бақталастырып,  жеңіске жетті. Телевизиялық шоудың жеңімпазы атанған ол 1 млн. долларды иемденді. The World’s Вest – CBS арнасындағы талантты адамдар туралы телебағдарлама. Өнер сайысының шарты бойынша қатысушылардың қарым-қабілетін әлемнің түкпір-түкпірінен келген …

ДАНЭЛИЯ ФИНАЛҒА ЖЕТПЕЙ ҚАЛДЫ Read More »

МАҚТАН ТҰТАМЫЗ

Ресейде тұратын қазақтар тарихи Отанымыз – Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қол жеткізген табыстарын әрдайым мақтан тұтамыз. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының нәтижесінде Қазақстан әлеуметтік-экономикалық және басқа да бағыттарда биік белестерді бағындырды. Біз осындай жағымды жаңалықтар елімізде көп бола берсін деп тілейміз.

СЕРГЕЛДЕҢ

“Адамның басы – Алланың добы” деп жатамыз. Бірақ көп жағдайда, Тәңірдің сынағынан бұрын екі аяқты пенденің сергелдеңіне көп түсетініміз жасырын емес. Қызылжар ауданындағы Прибрежный ауылының тұрғыны, 2-топтағы мүгедек Аманбай Сәдуов 2011 жылы аяғынан айырылып, тағдырдың тауқыметін көргені аздай, бәз біреулердің әуре-сарсаңға салып қойғанына күйінеді. Ол барар жері, басар тауы қалмағаннан кейін көмек сұрап, редакцияға келіпті.

СУ ҚОЙМАЛАРЫ ТАЗАРТЫЛУДА

Табиғатқа жанашырлықпен қарау – әрбір адамның міндеті. Өкініштісі сол, көп адамдар бұған немқұрайдылық танытады. Былтыр Мамлют ауданындағы Глубокое көлінде оттегінің жетіспеушілігі салдарынан 5 тоннаға жуық балықтың қырылғаны әлі есімізде.

ШӘКІРТ ЖАНЫНА НҰР ҚҰЙҒАН

Нағыз ұстаз болу – бақыт әрі абырой. Шындығында, мұғалім болу оңай болып көрінгенмен, нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. “Ұстазды алтын діңгекке теңер едім”, – деп ұлы педагог Ыбырай Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы – қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы. Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық адам бойындағы ұлы қасиет. …

ШӘКІРТ ЖАНЫНА НҰР ҚҰЙҒАН Read More »

АСЫЛДЫҢ СЫНЫҒЫ

Қасиетті Қызылжар топырағынан түлеп ұшып, қоғамның түрлі салаларында табысты еңбек етіп жүрген жерлестеріміз аз емес. “Жақсылар жақсымын деп айта алмайды, жамандар жақсымын деп айқайлайды” демекші, артсаң атан түйенің белі қайысар істерді атқарса да, ешқашан міндетсімейтін адамдар бар. Олардың арасында ғылымның биік белесін бағындырған, Айыртау ауданындағы қасиетті Ботай ауылының тумасы, саяси ғылымдар докторы, профессор Әміржан Шалтықовты …

АСЫЛДЫҢ СЫНЫҒЫ Read More »

ЖЕТІСТІКТЕР ЖІГЕРЛЕНДІРЕДІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты бағдарламалық мақаласының басты мақсаты халқымыздың өткенін, ұмыт қалған салт-дәстүрлерімізді, әдеп-ғұрыптарымызды, ұлт қаһармандарының, ойшылдарымыздың есімдерін жаңғыртып, келешек ұрпаққа жеткізу болып табылады. Бұл мақалада көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруда білім ордаларына зор міндеттер жүктелетіні айтпасақ та түсінікті.

ҚАРАҢҒЫ ҚАЗАҚ КӨГІНЕ ӨРМЕЛЕП ШЫҒЫП КҮН БОЛҒАН…

Халқымыздың тарихында отызға жетер-жетпес жасында қилы-қилы заманалардағы соқпақтардан қаймықпай, ұлттық рух, елдік мүдде жолында бастарын бәйгеге тіге жүріп, бірталай жұмыс атқарған, осылайша Алла тағала өлшеп берген қамшының сабындай қысқа ғұмырын елге, жерге деген мәрт махаббатпен, келер ұрпақ ғибрат алатындай сәулелі істермен нұрландырған аяулы тұлғалар аса көп емес.

БЕРЕКЕ БАСТАУЫ

Халқымыздың сан ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы ұлтымызды өзгелерден ерекшелендіріп қана қоймай, тәрбиенің маңызды тетігіне айналды. Тәуелсіздігіміздің тұғыры беки түскен қазіргі уақытта ұмыт қалған кейбір дәстүрлеріміз қайта жаңғыруда. Солардың бірі – көрісу күні.

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕК

Кез келген елдегі экономикалық саясаттың негізгі басымдықтарының бірі – шағын және орта бизнесті дамыту. Біздің елде кәсіпкерлік ортаның бастамаларын іске асыру үшін қолайлы бизнес ахуал қалыптасқан.

БЕСЕУІ ДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Лас-Вегаста жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан командасы бес алтын медальға ие болды.