«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТУР СӘТСІЗ БАСТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұрнағы күні Петропавл қаласындағы спортқа дарынды балаларға мамандандырылған облыстық мектеп-интернатта волейболдан әйелдер командаларының қосалқы құрамдары арасында ел біріншілігінің төртінші тур ойындары басталды.

Қазақстан волейбол федерациясының бастамасымен осымен 27-ші рет ұйымдастырылып отырған додаға Жоғары лиганың 23 жасқа дейінгі өкілдері қатысуда. Атап айтқанда, сайыс барысында еліміздің түкпір-түкпірінен келген сегіз команда бақ сынайды. Күніне төрт ойын өткізу жоспарланған.

Жергілікті “Қуаныш-2” командасы алғашқы үш турдың нәтижесінде 26 ұпаймен 5-ші орынға тұрақтаған болатын. Жерлестеріміз 21 кездесудің тоғызында жеңсе, қалғанында ұтылды.

Турнир кестесінде павлодарлық “Ертіс-Қазхром-2” командасы 56 ұпаймен көш бастаса, алматылық “Алматы-2” командасы – екінші, Алматы облысының “Жетісу-2” клубы үшінші орынға қол жеткізді.

Төртінші тур аясындағы бәсекенің алғашқы күні жерлестеріміз өскемендік “Алтай-3” командасының спортшыларымен сайысқа түсті. Петропавлдық ұжымның қарсыласы алғашқы екі кезеңде – 9, соңғы сында 14 ұпай айырмашылығымен алға шықты.Осылайша, жерлестеріміз өскемендіктерге 0:3 есебімен есе жіберді.

Дода 20 наурызға дейін жалғасады. Петропавлдық команданың ойындары күн сайын сағат 17-де басталады.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp