Солтүстік Қазақстан облыстық ауруханасында емдеу ісіне жасанды интеллект қызметі енгізілуде.
Жергілікті дәрігерлер «Amanat Ltd» компаниясымен бірлесіп бірегей бағдарлама жасап шыққан. Аурухананың рентген аппараты компьютерге қосылған. Компьютерлік бағдарлама рентген суреті бойынша өкпенің түрлі дерттерін нақты анықтауға көмектеседі. Дәрігерлер кейде рентген суретіндегі бұлдыр белгілерді танымай қалуы мүмкін, бұл ретте олар енді компьютердің көмегіне жүгіне алады. Алдағы уақытта бұл бағдарламаны емдеудің басқа бағыттарында да пайдалану көзделуде көрінеді.