Петропавлда Президенттік қысқы көпсайыстан ішкі істер органдары қызметкерлерінің чемпионаты басталды.
Мұндай жарыс елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Ішкі істер министрлігіне қарасты құрылымдардан екікүндік чемпионатқа барлық дерлік өңірлерден келген 50 шақты тәртіп сақшысы қатысуда. Олар түрлі қарулардан ату, шаңғы тебу, турникте тартылу және басқа спорт түрлері бойынша командалық сайысқа түседі.