“112” нөміріне Тимирязев ауданындағы “Тимирязев – Сарыкөл” автожолында алты азаматтың қар құрсауында қалғаны жөнінде хабар түскен. Оларға дереу жергілікті құтқарушылар мен “Московорецкое” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің “К-700″ тракторының жүргізушісі көмекке келді. Белгілі болғандай, “Toyota” және “LADA Granta” маркалы автокөліктер қарға батып қалған екен. Құтқарушылар 800 метр жерді қардан аршып, жолаушыларды жақын маңдағы елді мекенге дейін шығарып салды.