«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛ-ФАРАБИ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сирияда 2012 жылы Қазақстан салған әл-Фараби мәдени орталығын қалпына келтіру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. 

Бұл туралы Сирияға қолдау көрсету мәселесі бойынша  Брюссельде өтіп жатқан  халықаралық конференцияға қатысқан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді хабарлады. Дамаскіде сонымен қатар әл-Фараби және  Бейбарыс бабаларымыздың  кесенелері  бар.

БҰҰ бағалауы бойынша,  Сирияда 11,7 миллион адам түрлі гуманитарлық көмекке зәру екен. Сондықтан конференцияға қатысушы 57 мемлекет 7 млрд доллар көлемінде қаржы бөлмекші.

«Қазір Сириямен көршілес жатқан және еуропалық мемлекеттердегі босқындарды еліне қайтару мәселесі тұр. Оларды баспанамен, жұмыспен және біліммен қамтамасыз ету үшін іірі көлемде қаржылық және гуманитарлық көмек қажет», – деді  Мұхтар Тілеуберді.

Қазақстан өз тарапынан Сирия халқына азық-түлік жеткізу арқылы барынша көмектесуде. 

  https://www.inform.kz/kz/kazakstan-damasktegi-al-farabi-madeni-ortalygyn-kalpyna-keltiredi_a3507488

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp