Ырыс пен берекенің бастауы – Наурыз мейрамы өңірімізде екінші күн тойлануда. “Қариясы бардың қазынасы бар” демекші, бүгінгі өтіп жатқан мерекелік шаралардың басты қонақтары – қариялар. Борки кентіндегі Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде ұйымдастырылған Наурыз тойына білім ордасында көп жылдар еңбек еткен ардагерлер шақырылды. Колледж директоры Еркін Жақыпов жиналғандарды жыл басы мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Білім ордасында оқып жүрген түрлі этнос өкілдері ұлттық әндерін шырқап, би билеп, салт-дәстүрінен көрініс беретін қойылымдарын ұсынды.
Колледж ұжымы студенттер үшін қазан-қазан палау мен бауырсақ, көже әзірлеткен екен.