«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 18.03.2019

БІРЕГЕЙ ЖОБА

Облыстық ауруханада өкпе патологиясын дәл көрсететін бағдарлама іске қосылып, жергілікті дәрігерлер алғашқылардың бірі болып медицина саласына жасанды ақыл-ой жүйесін енгізді. Енді рентген түсірілімін адам емес, компьютер анықтайды.Облыстық аурухананың сәулелік диагностика бөлімшесінің меңгерушісі Анна Голубева бір жыл бойы жасанды ақыл-ой жүйесін бүге-шүгесіне дейін зерттеп, алты мың рентген түсірілімі арқылы тоғыз ауру белгісін анықтады. Соның нәтижесінде нақты …

БІРЕГЕЙ ЖОБА Read More »

БАС ПРОКУРОР БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ғизат Нұрдәулетов Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қызметіне тағайындалды.

ҒАСЫР ІНДЕТІ

Облыстық полиция департаменті биылғы жылды “Есірткі бизнесімен күрес жылы” деп жариялап, жастар арасында ғасыр індетіне қарсы іс-шаралар ұйымдастыруда. Тәртіп сақшыларының мұрындық болуымен жастар Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында “Қасірет” қойылымын тамашалады.

КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ

Наурыз мейрамы қарсаңында “Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешенінде көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді. Халқымыздың қастерлі мейрамында көпбалалы аналар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғызбасты қарттарға қамқорлық көрсетіп, қайырымдылық жасау – игі іс. Сондықтан жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Наурыз мейрамында көпбалалы аналардың басын қосқан “Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешенінің қызметкерлері …

КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ Read More »

ТҮРМЕГЕ ЕСІРТКІ КІРГІЗБЕК БОЛҒАН

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің “ЕС-164/8” мекемесі жұмысының негізгі бағыттарының бірі – тәртіпті ңығайту, мекеме аумағына рұқсат етілмеген заттарды кіргізбеу. Осы мақсатта кешенді жоспар әзірленіп, соған сәйкес алдын алу шаралары жүргізілуде.

ДОСТЫҚ ДАСТАРҚАНЫ

Ұлыстың ұлы күніне орай өңіріміздегі этномәдени орталықтардың өкілдері Достық үйіне жиналып, мерекелік дастарқан жайды. Наурыз бүгінде барша қазақстандықтардың сүйікті мейрамына айналды. Мереке қарсаңында елімізде тату-тәтті өмір сүріп жатқан барлық этнос өкілдері ақ тілектерін жаудырып, қуанышқа кенеледі. Достық үйінде өткен шарада да осындай көрініске куә болдық. Түріне, діні мен тіліне қарамастан, кешке қатысушы барлық азаматтар бір-бірін …

ДОСТЫҚ ДАСТАРҚАНЫ Read More »

ҚАМШЫНЫҢ ҚАСИЕТІ

Халқымызда көне заманнан бүгінге жеткен киелі жәдігерлер аз емес. Олардың барлығы да ата-бабалардың көшпелі өмір салтынан сыр шертіп, дала құпиясын алдымызға тосады. Жаратылыспен етене араласып, өмірінде, тұрмысында кеңінен пайдаланған халқымыздың көптеген құнды мұраларынан көз жазып қала жаздағанымыз шындық. Ерліктің, ерен күштің, қайсарлықтың белгісі болып, “Ер қаруы – бес қарудың” қызметін қапысыз ақтарған қамшы бұйымының қасиеті …

ҚАМШЫНЫҢ ҚАСИЕТІ Read More »

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ

Облыс орталығындағы №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінде Наурыз мерекесіне орай “Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні” атты мерекелік шара өтті. Оны облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасы мен Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік архивінің мамандары бірлесіп ұйымдастырды.

МОЛ ЫРЫСТЫҢ БЕЛГІСІ

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ақ жаулықты әжелеріміз наурызкөже әзірлеудің қыр-сырмен бөлісті. “Қызылжар” орталық мешітіне жиналған қариялар мерекенің басты тағамын дайындау үшін бар білгендерін ортаға салды.

НАР ТҰЛҒА

Ерік екеуміз алғаш танысқаннан бір-бірімізді жақын тартып, жарасып кеттік. Бізді өлең, өнер жақындастырды. Еліміз, жеріміз бір. Ерік Батыр Баянның ұрпағы, Мағжанның жерлесі екен. Ал мен Мағжанның Батыр Баян поэмасын 1976 жылдан бері жатқа айтып келе жатырмын. Әңгімеміз әуелден сол туралы болды. Ол кезде Мағжанның ақталмаған кезі, бірақ әдеби ортада, оңаша сырласуларда алаш арыстарының аты мен …

НАР ТҰЛҒА Read More »

АЗАМАТ ЕДІ АҚЖАРҚЫН

Былтыр қар көбесі біразға дейін сөгілмей жұртшылықты әбден титықтатқан еді. Еңсесі езіліп жүрген осындай сұрықсыз күндердің бірінде әріптесіміз, Жамбыл аудандық “Ауыл арайы – Сельская новь” газетінің бас редакторы Әсет Мұстафиннің мына жалған дүниеден озғаны жайлы қайғылы хабар жетті.

ЖАҢАРУДЫҢ БАСТАУЫ

Жер жүзіндегі жұрттардың бәрінің де түрлі-түрлі мейрамдары болады. Мәселен, дін мейрамы, ұлт мейрамы, мемлекет мейрамы секілді. Өзгелерді былай қоя тұрып, көрші орыс жұртын алсақ, бұл туралы қазақтың мақалы да бар: “Орыста мейрам көп, қазақта айран көп”.

БАС ЖҮЛДЕ ШЫҒЫС ШАЙЫРЫНА БЕРІЛДІ

Кеше Қызылжарда ақын, драматург, аудармашы Ерік Асқаровтың туғанына 60 жыл толуына арналған «Қайың де мені көшпейтін туған өлкемнен» деп аталған республикалық  ақындар айтысы өтті. 2003 жылы жол апатының салдарынан мезгілсіз дүние салған  Ерік Асқаров  бірнеше жыр жинақтарының авторы, әсіресе айтыскер ретінде кеңінен танылған болатын. Сондықтан бұл айтысқа кезінде Ерікпен  қатар өнер көрсеткен Аманжол Әлтаев, Айтақын …

БАС ЖҮЛДЕ ШЫҒЫС ШАЙЫРЫНА БЕРІЛДІ Read More »

ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ХАБАРЛАЙДЫ

2019 жылғы 14 наурыз күні Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда 2019 жылғы 17 сәуірге дейін тағайындалған, өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқанның орнына ауылдық округтер әкімдерінің сайлауына дайындық және оны өткізу жөніндегі жұмыс жоспары мен негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары қаралды және бекітілді.

“SMART CITY” — ЗАМАНАУИ ЖОБА

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін “Цифрлық Қазақстан” бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның аясында облыс орталықтарын алдағы уақытта смарт қалаларға айналдыру қолға алынды.

САМАЛ – АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК АКТРИСАСЫ

Киноактриса Самал Есләмова  Гонконгта Азия киноакадемиясының жүлдесіне ие болып, «Азияның  үздік актрисасы» атанды.   Бұл марапат  жерлесімізге режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» фильмінде ойнаған басты ролі үшін берілді. «Asian Film Awards Academy»  жүлдесін «Азия Оскары» деп те атайды.   Самал Еслямова өткен жылы қазақ киематографының тарихында алғаш рет  Канн кинофестивалінде  «Үздік актриса» атанған болатын.  

ӘКІМНІҢ САЛҒЫРТТЫҒЫНАН ЖОЛ ЖӨНДЕУСІЗ ҚАЛДЫ

Мамлют ауданындағы Становое ауылдық округінің әкімі мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіргені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Рахымжан Әбденовтің қызметтік міндетіне салғырт қарауынан Афонькино ауылының жолдары жөндеусіз қалған. Әкімнің ісі әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қаралды.

ФРАНЦИЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеше өңір басшысы Құмар Ақсақалов Қызылжар өңіріне жұмыс бабындағы сапармен келген Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ бастаған ресми делегацияны қабылдады.

БАЙЛАНЫС ЖЕТІЛДІРІЛМЕК

Жуырда облыстық сотта сот процесінен ақпарат тарату тақырыбында семинар өтті. Бұл алқалы жиынға облыстық, қалалық, аудандық соттардың қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.